Орталық Азиядағы ең үлкен әуежайдың қай елде салынатыны белгілі болды
Ол Өзбекстан астанасы Ташкентте 2028 жылы пайдалануға берілмек . Аталған нысанға Жапонияның Sojitz корпорация ...
Зайсан әуежайында негізгі құрылыс жұмыстары басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл жұмыс Мемлекет басшысының Зайсан, Қатон-Қарағай және Кендірлі курорттық аймақтарында үш жаңа әуежай салу тапсырмасы аясында жүргізілуде. Көлік министрі Марат Қарабаев Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданындағы жаңа әуежай алаңында негізгі құрылыс жұмыстарының басталу барысымен танысты.
Жобаға сәйкес әуежай Зайсан қаласынан шамамен 25 шақырым жерде орналасқан Сәтбай ауылының маңындағы бұрынғы әскери әуеайлақ базасында салынады. 184,5 гектар жерді алып жатқан учаске географиялық және метеолорогиялық жағдайды, сондай-ақ логистикалық қолжетімділікті ескере отырып таңдалды. Әуежайда алдағы уақытта кеңейту мүмкіндігімен ұзындығы 2200 метр болатын ұшу-қону жолағы салынады.
Бұл әуежай аймағында Bombardier Q400, ATR-72 және басқа да ұқсас типтегі заманауи әуе кемелерін қабылдауға мүмкіндік береді. Қазір отандық әуе компания ATR-72 ұшақтарын сатып алу мәселесін пысықтауда. Сондай-ақ биыл мамандар Шығыс Қазақстан өңіріндегі барлық бес теміржол вокзалын (Өскемен-1, Алтай, Күмістау, Риддер, Шемонаиха) жөндейді.
Ол Өзбекстан астанасы Ташкентте 2028 жылы пайдалануға берілмек . Аталған нысанға Жапонияның Sojitz корпорация ...
Алдағы үш жылда Шымкент әуежайында жоспарланған ауқымды қайта құру жұмыстары жүргізілмек. Мемлекеттік сатып ...
19 қыркүйектен бастап Оңтүстік Кореяның әуежайларында жалпыұлттық ереуіл басталуы мүмкін. Бұл акция 26-28 қыркүйек аралы ...