Малайзияда газ құбыры жарылып, 112 адам жараланды
Малайзия астанасы Куала-Лумпурға жақын маңда газ құбыры жарылып, 112 адам жараланды, деп хабарлайды 24kz. ...
Алматыда құтқарушылар 1280 метр биіктіктежартастан құлап, жарақат алған адамды эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әкімдік жанындағы құтқару қызметінің мәліметінше, ер адам қозғала алмай жатқан. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар зардап шегушіні зембілге салып, сақтандыру құралдарын мұқият тексерді. Медициналық қызметкерлер алғашқы көмек көрсетті.
Құтқару жұмыстары мұз басқан тастар мен тік жартаста жүргізілді. Топтың үйлесімді әрекетінің арқасында зардап шеккен адам қауіпсіз жерге түсіріліп, дәрігерлерге тапсырылды. Алматы құтқару қызметі ескертеді: тауға шығар алдында ауа райы жағдайын ескеріп, жеткілікті дайындықпен бару қажет,-деп атап өтті құтқарушылар.
Айта кетсек, биік таулы аймақтар тұрақты тіректің болмауы, мұз басқан тастар, борпылдақ топырақ және ауа райының күрт өзгеруі сияқты қауіп-қатерге толы. Кез келген қателік құлап кетуге әкелуі мүмкін.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Құтқару қызметі (@109_almaty)
Малайзия астанасы Куала-Лумпурға жақын маңда газ құбыры жарылып, 112 адам жараланды, деп хабарлайды 24kz. ...
Мьянмадағы жойқын жер сілкінісінен кейін халықаралық қауымдастық елге гуманитарлық көмек пен құтқарушыларын жа ...
Астана қаласының құтқарушылар Ақмола облысында су тасқынына қарсы жұмыстарды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды ...