Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық шахмат федерациясының президенті Аркадий Дворковичті қабылдады
Кездесуде Мемлекет басшысы Ұйымның Қазақстан шахмат федерациясына, жаттықтырушылар мен жас спортшыларға көрсеткен қо ...
Астаналық 7 жасар шахматшы Қайрат Абдул-Мәлік әлем чемпионатында 7 жасқа дейінгілер санатында жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сербияның Врнячка-Баня қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қайрат барлық қарсыласын айқын жеңді. Және 7 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионы атағын тұңғыш болып иеленді. Бұған дейін еліміздің шахматшылары 7 жас санатында әлем чемпионатында топ жарған емес.
Қайрат өзге бәсекелестерінен бөлек басты қарсыласы саналған үндістандық Ом Еш Готтумукалудан да басым түсіп, финалдық турға дейін-ақ әлем чемпионы атағына қол жеткізді.
Әлем чемпионаты бүгін аяқталады. Жеті жас санатында біздің өрендеріміз сайысқа түсіп, жаһандық доданың алтын медалінен үміткер атанып отыр.
Кездесуде Мемлекет басшысы Ұйымның Қазақстан шахмат федерациясына, жаттықтырушылар мен жас спортшыларға көрсеткен қо ...
Астанада шахматтан Senat Open турнирінің ақтық кезеңі басталды. Алғашында 20 іріктеу туры ұйымдастырылып, ...
Қазақстандық пара спортшылар шахматтан әлем чемпионатында 9 медаль жеңіп алды, — деп хабарлайды Massage ...