Еуропа елдері Ресей газынан қашан толық бас тартатыны белгілі болды
Жақында тиісті келісім әзірленді. Еуропарламент Еуроодақ елдерінің 2027 жылғы 1 қарашадан бастап Ресейден газынан т ...
Шымкентте елдімекендерді газбен жабдықтау жұмыстары жалғасуда . Достық шағынауданы (3-кезек. Үшбұрыш) 2016 жылдан бері табиғи газбен жабдықтау қамтамасыз етілмеген болатын. Енді бұл мәселе өз шешімін табатын болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көптеген тұрғын тарапынан арыз-шағымдар түсуіне байланысты және де Абай аудан әкімдігінің ұсынысымен жобалық сметалық құжаттамаға жауапты басқарма тарапынан тапсырыс берілген еді. Нәтижесінде 2023 жылы Достық ш/а (3-кезек. Үшбұрыш) жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп, 2024 жылы шілде айында мердігер мекеме «Global-GH» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары басталған болатын. Ағымдағы жылдың наурыз айында құрылыс жұмыстары аяқталып, 320 абонент (1600 адам) табиғи газбен қамтамасыз етілмек. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары 95% орындалған.
Айта кеетйік, 2024 жылы газдандыру жұмыстары Қайнарбұлақ 1,2 кезең, Ынтымақ-2, Бозарық 1,2,3 кезең, Еламан, Қаратөбе, Тәуелсіздікке-20 жыл және Қайтпас-1 тұрғын алаптарында жүргізілді. Нәтижесінде 90 мыңнан астам адам табиғи газ жүйесіне қосылуға мүмкіндік алды. Алдағы уақытта Қарабастау тұрғын алабы (1288 абонент), Жұлдыз-Жалын тұрғын алабы (1378 абонент) және де қазан айында Қайтпас-1 мен Тұран шағын ауданы арасында орналасқан тұрғын үйлер (242 абонент) газбен қамтамасыз етілетін болады. 2025 жылы жалпы саны 3228 абонент көгілдір отынға қол жеткізбек.
Жақында тиісті келісім әзірленді. Еуропарламент Еуроодақ елдерінің 2027 жылғы 1 қарашадан бастап Ресейден газынан т ...
Қарағандыда жаппай газ тарту жұмыстары жүріп жатыр. Қалада бесінші газ бөлу кешені пайдалануға берілді. Соның арқа ...
Энергетика министрлігі Орынбор газ өңдеу зауытында болған төтенше жағдайға қатысты ресми түсініктеме берді, де ...