Қарағандыда 6 мың жер үй газға қосылды
Қарағандыда жаппай газ тарту жұмыстары жүріп жатыр. Қалада бесінші газ бөлу кешені пайдалануға берілді. Соның арқа ...
Энергетика министрлігі Орынбор газ өңдеу зауытында болған төтенше жағдайға қатысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Газпромның" мәліметінше, 2025 жылғы 19 қазанда Орынбор газ өңдеу зауытына ұшқышсыз әуе аппаратының шабуылы салдарынан апатты жағдай тіркелген. Соның нәтижесінде зауыт Қарашығанақ кен орнынан шикізат газ қабылдауды уақытша тоқтатқан.
Қазіргі уақытта зауыттың зақымдану дәрежесі мен жұмысты қалпына келтіру мерзімі жөнінде ресейлік тараптан ақпарат түскен жоқ.
"Қазақстан өз аумағын газбен қамтамасыз етуде ешқандай зардап шеккен жоқ, газ ішкі тұтынушыларға қалыпты режимде, ешқандай шектеусіз жеткізілуде", – деп мәлімдеді ҚР Энергетика министрлігі.
Қарашығанақ шикізатын өңдеу мен мұнай өндіруге ықтимал әсер мәселесі кен пайдаланушыларымен бірлесіп қарастырылып жатыр. Шығын көлемі мен алдағы шаралар туралы қосымша хабарланатын болады.
Энергетика министрлігі жағдайды бақылауда ұстап, ресейлік тарап пен кен орны операторларымен тұрақты байланыс орнатқан.
Қарағандыда жаппай газ тарту жұмыстары жүріп жатыр. Қалада бесінші газ бөлу кешені пайдалануға берілді. Соның арқа ...
Орынбор газ өңдеу зауыты Қазақстанның Қарашығанақ кен орнынан келетін шикі газды уақытша қабылдауды тоқтатты. ...
Бұл туралы «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов айтты, деп жазды Caravan.kz медиа порталы ...