Әуежайда кепілдегі қызды құтқарған кісі әнші Бағлан Әбдірайымовтың ағасы болып шықты
Алматы әуежайында қаскөйдің қолынан пышақты жұлып алып, қызметкерді құтқарған батыл азаматтың есімі белгілі болды, деп ...
«Жігіттер» тобының мүшесі Бағлан Әбдірайымов шығармашылық бағытында жаңа қадамға барғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әншінің айтуынша, ол топтан жеке шығып, жеке шығармашылықпен айналысу туралы шешім қабылдаған.
Мен бір шешімге келдім. Хайырлысы сол болды. Бөліну емес, шыңдалу деп ойлау керек. Жеке бір шауып көру керек болып тұр. 22 жыл ажырамай жүр екенбіз, – деп жазды әнші.
Бұл жаңалық желі қолданушылары арасында түрлі пікір тудырды.
Желі қолданушылары «Бөлінбей-ақ, жеке ән айтып жүруге болмай ма?», «Мүмкін, өнерден кететін шығар», «Жігіттермен сөзге келіп қалған сияқты», «Еркінмен бірге болған кездер күшті еді», «Топтың сәні кетеді, көз үйреніп қалған еді», деп өз ойымен бөлісті.
Алматы әуежайында қаскөйдің қолынан пышақты жұлып алып, қызметкерді құтқарған батыл азаматтың есімі белгілі болды, деп ...
Ерлік жасаған 52 жастағы Мұса Әбдірайым "Жігіттер" квартетінің әншісі Бағлан Әбдірайымовтың ағасы болып шықты, ...