Өскемен көшелерінде жарықтандыру жүйесі жаңартылады
Өскеменде көше жарықтандыру жүйесі жаңғыртылады. Мамандардың айтуынша, қаладағы шамдардың жарық беру деңгейі ...
Айыпталушы азамат Семей қаласынан Өскеменге келіп, жаңағы көлік жуу орынына жұмысқа кіріпті.
Өскеменде көлік жуатын орында істейтін азамат бастығының көлігін сатып жіберген. Әу баста басшысы оған сенім артып, көлікке қызығушылық танытып қоңырау шалған азаматтарға жауап беріп отыруды тапсырған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Көлік жуатын орынның иесі жол апатына ұшыраған көлігін интернет арқылы сатуға қойыпты. Көлікке қызығушылық танытып хабарласқан адам жаңағы жұмысшыға хабарласқан.
– Жеңіл ақша табуды көздеген айыпталушы Самар ауданынан хабарласқан адамға көлікті 350 мың теңгеге сатып жіберді. Бұны біліп қойған көлік иесінің арызынан соң автожуу жұмысшысына қатысты алаяқтық бабы бойынша іс қозғалған, – делінген ШҚО соты баспасөз қызметінің ұсынған ақпаратында.
Сот шешімімен сотталушы екі жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Өскеменде көше жарықтандыру жүйесі жаңғыртылады. Мамандардың айтуынша, қаладағы шамдардың жарық беру деңгейі ...
Өскемен қаласында жүкті әйелдер дәрігер қабылдауына кіре алмай, шағымдануда. Айтуларынша, емханаларда “тал ...
Шығыс Қазақстандағы кәсіптік- техникалық білім беретін оқу орындары цифрланған өндіріске қажетті мамандар даярлап ...