Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Момышұлына "Халық қаһарманы" атағын беру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді
Президент тиісті Жарлыққа қол қойды. Бауыржан Момышұлына "Халық қаһарманы" атағы ресми түрде берілді. Бұл туралы М ...
Жамбыл облысында Қазақстан ТЖМ Сейсмологиялық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының мамандары сейсмикалық жағдайды егжей-тегжейлі мониторингілеу мен талдауды жалғастырып жатыр.
Сейсмологиялық станциялар желісі Меркі ауданында эпиорталық аймағында орналастырылған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Триангуляция әдісімен жұмыс істейтін 3 қосымша жылжымалы станция орнатылды. Олар эпиорталықтан 30-80 км радиуста: жер қыртысының қозғалысын, жер асты микродүмпулерді және жер асты шуларды анықтайды. Бұл деректер ықтимал афтершок белсенділігін егжей-тегжейлі зерттеуге және ықтимал тәуекелдерді бағалауға мүмкіндік береді. Жиналған деректер жедел режимде сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссияның талдауы мен жұмысы үшін Орталық сейсмикалық обсерваторияға беріледі.
Нәтижесінде қорытынды дайындалып, Қазақстан ТЖМ Командалық орталығына жіберіледі. Бұл нақты уақыт режимінде жағдайды талдауға және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта Жамбыл облысында ТЖМ СБЗҒО 9 сейсмологиялық станциясы жұмыс істейді, олардың бірі – кешенді, бірнеше параметрлерді талдау мүмкіндігі бар. Қосымша станциялар бақылау дәлдігін жақсартады және сейсмикалық белсенділіктің өзгеруіне жедел ден қоюға көмектеседі.
Президент тиісті Жарлыққа қол қойды. Бауыржан Момышұлына "Халық қаһарманы" атағы ресми түрде берілді. Бұл туралы М ...
Жамбыл өңірінде елді мекендерді таза ауызсумен қамтитын 12 жоба іске асып жатыр. Ілкімді іске арнаулы мемлек ...
Жамбыл облысында жантүршігерлік кісі өлімі бойынша сот үкімі шықты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. ...