Ғасыр нейрохирургі атанған дәрігер қайтыс болды
Түркияның танымал нейрохирургі, профессор Ғази Яшаргил өмірден озды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы . Б ...
Қалалық полиция басқармасының ювеналдық полиция тобының учаскелік инспекторы Азат Есенғабылов батылдық пен кәсібиліктің жарқын үлгісін көрсетті.
Ол дер кезінде әрекет етіп, ес-түссіз қалған жасөспірімге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оның өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға қалалық бағыттағы автобустардың бірінде болған. Кезекшілік барысында аялдама маңында жүрген полиция қызметкері кенеттен автобус ішінен көмек сұраған әйелдің дауысын естіп, дереу жүгіреді. Салонға кіргенде ол талмасы ұстап, есінен танып қалған жасөспірімді көреді. Азат Есенғабылов бір сәтке де кідірместен қыз баланы автобустан көтеріп шығарып, аялдамадағы орындыққа жатқызып, алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Сонымен қатар жедел жәрдем шақырып, медициналық мамандар келгенге дейін жасөспірімге қолдау көрсетуді тоқтатпаған.
Көрсетілген шұғыл көмектің нәтижесінде 16 жастағы қыздың жағдайы тұрақталып, ол дәрігерлердің бақылауына алынды. Жасөспірімнің анасы полиция қызметкеріне шынайы алғысын білдіріп, оның бейжай қалмай, көмек қолын созғаны үшін ризашылығын жеткізді. Азат Есенғабылов ішкі істер саласында 2014 жылдан бері қызмет етеді. Ал 2018 жылдан бастап кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор ретінде балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау жолында еңбек етеді.
Түркияның танымал нейрохирургі, профессор Ғази Яшаргил өмірден озды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы . Б ...
Анталья әуежайында Scat Airlines әуе компаниясының Анталия-Атырау рейсіне отырғызу кезінде жолаушылардың бірінің жағдайы ...
ҚР ТЖМ жағдайдың дамуын бақылайды және қажет болған жағдайда қосымша ресурстарды пайдалануға дайын. Жамбыл об ...