Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютер ресурстарын пайдалану бойынша өтінім қабылдайтын платформа іске қосылды
Мемлекет басшысының ауқымды цифрландыру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында Жасанды интеллект және цифрл ...
Сол уақытты сараптамалық жұмыстар жасауға жұмсауы тиіс.
Бұл туралы Taldau Talks подкастында "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Қағаз құжат айналымын автоматтандырып, цифрлық елміз деуге болмайды. Біз менталды өзгеруге тиіспіз. Иә, мемлекеттік қызметтерді автоматтандырғанымыз өте жақсы. Бірақ үкімет ақылды болуы тиіс, адам бармауы қажет. Англияда тұрғанымда ешқайда бармайтынмын. Invisible Government, яғни байқалмайтын үкімет үнемі болатын. Ол сіз үшін бәрін істейді. Қандай да бір анықтама алу қажеттігін ойламайсыз. Босанғаннан кейін есепшот ашуға баруыңыз қажет. Не үшін? Базада босанғаным, балам бар екені көрініп тұр ғой. Демек, автоматты түрде есепшот ашылып, ақша аударылуы керек, – деді ол.
"Қазпошта" АҚ басқарма төрағасының айтуынша, мемлекеттік органдар арасында бір-біріне сұрау салу өте көп. Оларды қысқартқан жөн.
– Уақытымыздың 90 пайызын сауалдарға жауап бергеннен гөрі сол уақытты зияткерлік жұмысқа, сараптамаға жұмсауымыз қажет, – деді Әсел Жанасова.
Айта кетейік, Taldau Talks – Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жүргізетін ашық диалог алаңы. Онда ел дамуына қатысты маңызды мәселелер және Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді іске асыру жолдары талқыланады. Бұл жолғы шығарылым Қазақстанда цифрландыру және жасанды интелектіні дамыту тақырыбына арналды.
Сенат спикеріне қонаққа цифрлы даму министрі Жаслан Мәдиев, "Қазпошта" басшысы Әсел Жанасова, inDrive бас директоры Арсен Томский келді. Олар цифрлы даму, жасанды интеллект және басқа да тақырыптарды талқылады.
Мемлекет басшысының ауқымды цифрландыру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында Жасанды интеллект және цифрл ...
Қазақстан әлемдік логистикада маңызды ойыншыға айналды. Шығыс пен батыстың арасында алыс-беріс күн санап артып ...
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин мәлім етті. Еңбек және халықты әле ...