Ақтөбеде ұлттық дәстүрді ұлықтаған фестиваль өтті
Ақтөбеде ұлттық дәстүрді ұлықтаған «Сыбаға –2025» этнофестивалі өтіп жатыр. Үш күнге созылған іс-шарада қолөнер бұйы ...
Бүгін сағат 17: 00 — 17: 30-да ауа райының қолайсыздығына байланысты БҚО және Ақтөбе, Қызылорда облысында жолдар жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz « ҚазАвтоЖол » ҰҚ» АҚ-ға сілтеме жасап.
Ақтөбе облысы:
«Ақтөбе-Қандыағаш-Доссор-Атырау-РФ шекарасы» автожолының 14-104 шақырым аралығында (Ақтөбе қаласынан Қандыағаш қаласына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.
Сондай-ақ, облыстағы «Ақтөбе — Орал — РФ шекарасы» автожолының 526-675 шақырым аралығында (БҚО шекарасы — Сарытоғай ауылы) жол жабылды.
Батыс Қазақстан облысы:
«Ақтөбе — Орал — РФ шекарасы» автожолының 394-526 шақырым аралығында (Жымпиты ауылы — Ақтөбе облысының шекарасы) көлік қозғалысы шектеледі.
Қызылорда облысы:
«РФ шекарасы — Мартөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 1240-1362 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы — Арал қ.) жабылды.
«ҚазАвтоЖол» жолдарды 2025 жылғы 6 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланып отырғанын мәлімдеді.
Ақтөбеде ұлттық дәстүрді ұлықтаған «Сыбаға –2025» этнофестивалі өтіп жатыр. Үш күнге созылған іс-шарада қолөнер бұйы ...
Сот шешімі бойынша 43 жастағы Ақтөбе тұрғыны алты ай мерзімге бас бостандығынан айырылды және өмір бойына жүргізуші ...
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қайғылы жол апатынан кейін қабылданып жатқан шаралар туралы айтты. 23 қаз ...