Грузияда мұнайды заңсыз сатқан 3 қазақстандық ұсталды: ҚМГ ресми мәлімдеме жасады
Іс Грузия Қылмыстық кодексінің 214-бабының 2 және 6-бөліктері бойынша сараланған. Грузия Қаржы министрлігінің терг ...
Қазақстан азаматы 2024 жылы Түркия Республикасынан жалған банкноттарды әкеліп, ел аумағында өткізген деген күдікке ілінген.
Бас прокуратура мен Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері, ҚР Грузиядағы Елшілігінің көмегімен Қазақстанның Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізе отырып, жалған банкноттарды сақтағаны және өткізгені үшін Қазақстан азаматын Грузиядан экстрадициялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған. Осы жылдың мамырында ол Грузия аумағында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша отанына экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
Айта кетейік, бұған дейін Бас прокуратура ұқсас қылмысты жасағаны үшін Швециядан Қазақстан азаматшасын экстрадициялап, қазіргі таңда ол сотталды.
Іс Грузия Қылмыстық кодексінің 214-бабының 2 және 6-бөліктері бойынша сараланған. Грузия Қаржы министрлігінің терг ...
Тараптар мәдени-гуманитарлық саладағы қазақ-грузин ынтымақтастығының перспективаларын талқылап, екі ел арасынд ...
Енді жерлесіміз ертең қара фигурада ойнайды. Шахматтан әйелдер арасында Грузияның Батуми қаласында жалғасып ...