Ұлттық құрылтайдың алғашқы екі секциясында жүзден аса ұсыныс түсті
Бурабайда Ұлттық құрылтай секцияларының екінші бөлігі басталды. Бұл жолы қатысушылар әлеуметтік-экономика ...
Елдегі мұғалімдердің тапшылығы мен олардың сапалық құрамын бағалау мәселесі көтеріліп отыр.
Сенат депутаты Нурия Ниязова Қазақстанда педагогикалық мамандықтардың түлектері үшін "қайта оқыту" жүйесін енгізуді ұсынды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ол жүйені үйлестіру функциясын "Өрлеу" ұлттық орталығына бекіту, оқу орындарына міндетті лицензиялауды енгізу, сондай-ақ мұғалімдерді даярлаудың қатаң сапа стандарттарын енгізу қажет екенін атап өтті.
– Ең алдымен, педагогикалық кадрларды даярлау сапасын арттыруға бағытталған шараларды қолға алу қажет. "Педагогтердің білімін бағалау" тестінің мәліметтері бойынша, жоғарғы оқу орындары түлектерінің дайындық деңгейі өңірлік және ішкі өңірлік тұрғыдан айтарлықтай ерекшеленеді. 2024 жылы түлектердің небәрі 3490-ы, яғни 45,6%-ы ғана 50 пайыз шекті деңгейден өтті. "Қайта оқыту" жүйесін қалыптастыру жоғары оқу орындарында жеткіліксіз білім алған түлектердің жағдайын жақсартуға ықпал ете алар еді, – деді Нурия Ниязова.
Сондай-ақ ол жаңа мониторинг және реттеу механизмдерін енгізуді ұсынды.
Сенатордың сөзінше, қазір Қазақстанда мұғалімдерді қайта даярлаумен айналысатын 100-ден астам ұйым жұмыс істейді. Десе де, іс жүзінде лицензиялау, сапа мониторингі және курстан кейінгі сүйемелдеу тетіктері жоқ.
– Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, педагогтарға арналған курстар өткізу жөніндегі мемлекеттік тізілімінде бүгінгі таңда 100-ден астам ұйым бар, олардың басым көпшілігі – жеке ұйымдар. Көптеген құрылым өз жұмысын интернеттегі платформалар арқылы, салалық ұйымдар алдында ешқандай жауапкершіліксіз және есеп-қисапсыз жүргізеді. Бұл мұғалімдердің біліктілігін арттыру процесінің бақылаусыз өсуіне әкеледі. Білім беру қызметтерін бәсекелестік ортаға беру жағдайлары көбейіп барады. Мұның соңы ауыр әлеуметтік салдарға алып келуде және білім сапасының артуына ықпал еткен жоқ. Одан бөлек, мұндай жағдайда ең басты мәселе, жауапкершілік тетіктері қандай?, – деді Нурия Ниязова.