Шерзаттың отбасы жаңа баспаналы болды
Талғарда қаза тапқан Шерзат Болаттың отбасы жаңа баспаналы болды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. ...
Бүгінде 40-тан астам алаяқтық фактісі тіркелген.
Алаяқ жәбірленушілерге зейнетақы қорындағы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып беремін деп уәде беріп, артынша байланысқа шықпаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Алматы облысының полицейлері Еңбекшіқазақ ауданы тұрғындарын сан соқтырған алаяқты құрықтады. Аудандық полиция бөліміне бірнеше ауыл тұрғыны шағымданып, белгісіз әйелдің сенімдеріне кіріп, зейнетақы жинақтарын шешіп беремін деген желеумен қомақты қаржыларын иемденіп кеткенін мәлімдеген.
Күдікті 35 жаста. Ол жәбірленушілерге зейнетақы қорындағы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып беремін деп уәде беріп, артынша байланыссыз кеткен. Қазіргі таңда алаяқтың әрекетінен келген жалпы шығын көлемі бес миллион теңгеден асып отыр.
– Бүгінде 40-тан астам алаяқтық фактісі тіркелді. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті Алматы қаласында ұсталды. Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деп мәлімдеді полиция департаментінен.
Сонымен қатар тәртіп сақшылары күдіктінің өзге де осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатқанын хабарлады.
Полиция басқармасы азаматтарға зейнетақы жинақтарын шешіп беру, несие рәсімдеу немесе салымдарды қайтару сынды қызметтер ұсынатын бейтаныс адамдарға сенбеуге кеңес береді. Зейнетақы қорына қатысты барлық сұрақтар тек ресми мемлекеттік органдар арқылы шешіледі.
Талғарда қаза тапқан Шерзат Болаттың отбасы жаңа баспаналы болды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. ...
Алматы облысында атпен мәнерлеп жүруден республикалық чемпионат өтіп жатыр. Үш күн бойы еліміздің ең мықт ...
Оқиға орнында психолог мамандар жұмыс істеп жатыр. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Алматы облы ...