Таза Қазақстан: Жетісу облысында саябақ тазартылды
Жетісу облысының Балпық би ауылында «Таза бейсенбі» акциясы ұйымдастырылды. Шараға Көксу ауданының белсенділері, м ...
Қызылордада «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында көпқабатты үйлердің ауласы абаттандырылып жатыр. Игі іске коммуналдық мекеме жұмысшылары , еріктілер және қарапайым тұрғындар атсалысуда.
Олар әр мөлтек ауданда топ-топқа бөлінген. Үйлердің айналасында шашылған қоқыстарды жинап, қаумалап өскен арам шөптерді жұлып, тұрғынжайлардың аумағын түгел тазалады.
Ғалымжан Далабаев, коммуналдық мекеменің бөлім басшысы:
Таза Қазақстан экоакциясының аясында мынау қаламыздағы Ақмешіт мөлтек ауданының тұрғындары өздерінің де үлестерін қосып, жалпылай ауланың тазалығы, шөп шабу жұмыстарына да бірге атсалысып жұмыстар жүргізілуде.
Сондай-ақ ерікті жастар қала орталығында тұрғындарға туған жерді таза ұстауға үндейтін парақшалар таратып, көпшілікті тазалық мәдениетін қалыптастыруға шақырды. Жалпы «Таза Қазақстан» экоакциясына облыс көлемінде жыл басынан бері 25 мыңға жуық адам қатысып, аймақта игі бастамаға қолдау білдірушілер саны артып келеді.
Әділбек Серікұлы
Жетісу облысының Балпық би ауылында «Таза бейсенбі» акциясы ұйымдастырылды. Шараға Көксу ауданының белсенділері, м ...
Атырауда «Таза Қазақстан » экологиялық бағдарламасы аясында 2600 ағаш егілді. Қазір қаланы абаттандыру жұм ...
Жетісу облысының Жаркент қаласында «Таза Қазақстан» акциясы ұйымдастырылды. Шараға жиналған көпшілік саяб ...