Ұлытау облысында жедел басқару орталығы ашылды
Әмбебап кешен өңірдегі 4 мыңға жуық бейнебақылау камерасын тәулік бойы қадағалайды. Бақылау құралдары көшел ...
Елімізде сотқа жүгіну бұрынғыдан да жеңілдей түсті. Енді азаматтар сотқа құжаттарды онлайн жіберіп, істің барысын интернет арқылы бақылай алады. Соңғы уақытта сот отырыстары да қашықтан өткізіле бастады. Бұл сот төрелігінің ашықтығы мен тиімділігін арттырады. Сот төрелігін цифрландыру – бұл жай ғана технологиялық прогресс емес, сот жүйесіне деген сенімді нығайтудың нақты құралы. Саланы реформалау бойынша жасалған тағы бір қадам, ол – кассациялық соттың құрылуы. Онда айыпталушылардың ісі қайта қаралмайды. Тек төменгі соттардың шығарған шешімінің қаншалықты заңға сай екенін тексеріледі.
Нұрлан Әубәкіров, қалалық Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы:
Қазіргі таңда ең күрделі реформалардың бірі – ол кассациялық соттарды құру. Біздің елімізде бірінші шілдеден бастап үш дербес сот құрылады кассациялық деңгейде. Ол әкімшілік, азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі соттар.
Асылбек Данияр
Әмбебап кешен өңірдегі 4 мыңға жуық бейнебақылау камерасын тәулік бойы қадағалайды. Бақылау құралдары көшел ...
Үш жыл бұрын жазасын өтеушілерден шамамен 800 шағым түскен болса, өткен жылы бұл көрсеткіш 165-ке дейін төмен ...
Шымкент қаласында мектепке дейінгі мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне екі ай қатарынан міндетті әлеумет ...