Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Момышұлына "Халық қаһарманы" атағын беру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді
Президент тиісті Жарлыққа қол қойды. Бауыржан Момышұлына "Халық қаһарманы" атағы ресми түрде берілді. Бұл туралы М ...
Биыл Жамбыл облысында 20 елді мекен ауыз сумен қамтылады. Сонымен қатар бірнеше ауылға кешенді блок модуль орнатылады, деп хабарлайды Egemen .kz
Облыс әкімдігі энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ғалым Исақовтың айтуынша, өңірде төрт қала және 367 ауыл бар көрінеді. Қазіргі кезде өңірде тіршілік нәрінен тарығып отырған 24 елді мекен және Тараз, Шу қалаларында 9 тұрғын алабы бар.
«Осы жылы 20 елді мекенге ауыз су жүйесінің құрылысын жүргізу, сондай-ақ халық саны аз болуына байланысты Мойынқұм, Меркі, Қордай аудандарына қарасты 4 ауылға жергілікті бюджет есебінен кешенді блок-модуль орналастыру жоспарланған», дейді облыс әкімдігі энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ғалым Исақов.
Басқарма басшысы келтірген дерекке жүгінсек, қазіргі кезде ауыз сумен қалалықтардың 98 пайызы қамтылса, елді мекен тұрғындарының 97,8 пайызы таза су пайдаланып отыр.
Жамбыл облысы
Президент тиісті Жарлыққа қол қойды. Бауыржан Момышұлына "Халық қаһарманы" атағы ресми түрде берілді. Бұл туралы М ...
Жамбыл өңірінде елді мекендерді таза ауызсумен қамтитын 12 жоба іске асып жатыр. Ілкімді іске арнаулы мемлек ...
Жамбыл облысында жантүршігерлік кісі өлімі бойынша сот үкімі шықты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. ...