Ақтөбе облысындағы жол апатынан кейін тасжолды кеңейту жұмыстары басталды
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қайғылы жол апатынан кейін қабылданып жатқан шаралар туралы айтты. 23 қаз ...
Ақтөбедегі орталық стадион құрылысы Президентке таныстырылған жоба. Алғашқы кезде шетелдік инвесторлар салады деп жоспарланғанымен, бұл экономикалық жағынан тиімсіз деген шешім қабылданған.
«Алғашында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салу моделі қарастырылған болатын. Кейін экономикалық тұрғыда тиімсіз деп танылды. Қазір салу механизмі өзгерді. Жалпы мемлекет тарапынан, қосымша инвестиция тарту арқылы жүзеге асыру жоспарланды. Бүгінде жер телімі анықталды. Биыл құрылыс жұмыстары басталады», – деді Ақтөбе облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов.
Жобалау әрі құрылыс жұмыстарына Ақтөбе облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы жауапты.
«Қазіргі кезде жобалық-сметалық құжат жасау үшін келісімшарт жасалды. Биылға 200 млн теңге бөлінді. Құжат дайын болған соң құрылыс басталып, 2-3 жылға созылуы мүмкін. Құрылыс бюджет есебінен жүреді», – деді Ақтөбе облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Аслан Жарасбаев.
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қайғылы жол апатынан кейін қабылданып жатқан шаралар туралы айтты. 23 қаз ...
Осы жайтқа байланысты қалалық полиция тексеруді бастады. Қазіргі уақытта 75 билеттің иесіне ақшасы қайтарылғ ...
Осы стадиондарды жеке-жеке атап, сыйымдылығын жазып шықтық. Испания Камп Ноу, Барселона – 99 354 орындық, ...