Ақтөбе облысындағы жол апатынан кейін тасжолды кеңейту жұмыстары басталды
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қайғылы жол апатынан кейін қабылданып жатқан шаралар туралы айтты. 23 қаз ...
Үйдің алдында асфальттің төселмегені де тұрғындардың жанына батқан.
Ақтөбеде мемлекеттік бағдарламамен баспана алған жұрт әкімдік алдында наразылық білдірді, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Есет батыр ықшамауданының тұрғындары ойын алаңын салып беруді талап етеді. Олар ұл-қыздарымыздың бос уақытын өткізетін орын жоқ деп ашынады. Аула алдындағы салбыраған тоқ, төселмеген жол да жұрттың бас ауруына айналған.
Күте-күте күдер үзген қараша мәселемізді облыс әкімінің өзі бақылауға алсын деп отыр. Бұл ықшамауданда ойын алаңы мүлдем жоқ. Сондықтан балалар трансформатор жанындағы алаңқайда бос уақыттарын өткізеді. Ұл-қыздарымыз бейберекет салбырап тұрған тоққа түсу қаупі жоғары дейді жұрт. Ал жұмысбасты ата-аналар балаларымызды күндіз-түні бақылай алмаймыз деп отыр.
Үйдің алдында асфальттің төселмегені де тұрғындардың жанына батқан. Себебі, көпқабатты бірнеше баспана мемлекеттік бағдарламамен берілген. Мұнда тұратындардың дені мүмкіндігі шектеулі жандар мен көпбалалы аналар. Шаңы шығып жатқан жолға жедел жәрдем қызметін шақырту нағыз мұң дейді көпшілік.
Шыдамның да шегі бар деген халық талабын айтып әкімдікке келді. Қарашаның алдына шыққан шенеуніктер жобаға өзгерістер енгізіп, мәселені шешіп береміз деп сендірді.
"Абаттандыру жұмысымен бөлек компания айналысады. Қазіргі таңда жобалаушы компания жобаны түзетумен айналысып жатыр. Осы түзету жұмысының нәтижесі бойынша жобаның құны белгілі болып, байқау жарияланады. Қаржы бөлініп, мердігер компания анықталған соң абаттандырылып, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіледі", – деді Ақтөбе қалалық құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Жантөрин.
Бірақ атқамінерлер аталған жұмыстар көп уақыт алатынын жасырмайды. Сондықтан жағдайды түсініп, жұртты шыдамдық танытуға шақырды.
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қайғылы жол апатынан кейін қабылданып жатқан шаралар туралы айтты. 23 қаз ...
Ал жаңа үйлердің кепілдік мерзімінің аяқталуына небәрі жарты жыл уақыт қалыпты. Петропавлда тасқыннан зардап ш ...
Кейінгі рет өңірде дәл осындай қайғылы жағдай 21 жыл бұрын болған екен. Маңғыстау облысында мысық тісте ...