Қандай қымыз ішіп жүрміз? Қымыздың пайдасын немістер көріп жүр
Қымыз – қазақтың ұлттық сусыны. Ағарғанның құрамы пайдалы дәрумендерге бай екені атам заманнан дәлелденген. Қымыз ...
Гастрофестиваль қорытындысы бойынша ең үздік қымыз өндіруші — Абай облысының Саржал ауылы
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Астанада өткен «BaiQymyz – бапталған қымыз» атты ауқымды гастрономиялық фестивальдің жеңімпаздары анықталды.
Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылған фестивальге еліміздің барлық өңірінен 50-ден астам қымыз өндіруші қатысты. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, 40 мыңнан астам елорда тұрғыны мен қонағы 30 тоннадан астам ұлттық сусыннан дәм татқан.
Қазақстанның ең дәмді қымызы қай өңірде бапталатыны белгілі болды
© Photo : Пресс-служба акима Астаны
«Біз еліміздің түкпір-түкпірінен 50-ден астам қымыз өндірушілерін жинадық. Әрқайсысы бірнеше жүз литр сусын әкелді. Олардың қатысуы мен елорда тұрғындарының қолдауының арқасында біз жаңа рекорд орнаттық. Егер фестиваль қонақтарымызға ұнайтын болса, біз оны жыл сайын жасаймыз», — деп атап өтті BaiQymyz фестивалінің ұйымдастырушысы Жұмажан Қалтаев.
Гастрофестиваль қорытындысы бойынша ең үздік қымыз баптаушы Абай облысының Саржал ауылы деп танылды.
Қазақстанның ең дәмді қымызы қай өңірде бапталатыны белгілі болды
© Photo : Акимат Абайской области
«Бұл – өңіріміз үшін үлкен мәртебе әрі әділетті жеңіс! Себебі, Саржалдың сары қымызы – көптен бері ел аузында жүрген, талай жұрттың таңдайын қақтырған табиғи өнім. Бұл тек бір байқаудың жүлдесі емес, өңіріміздің әлеуетін, дәстүрге деген құрметін, табиғи өнімге адалдығын көрсеткен айшықты оқиға. Алдағы уақытта осы жетістік ішкі туризмді дамытуға, өңірлік бренд ретінде ұлттық тағамдарымызды ілгерілетуге жаңа серпін береді деп сенемін», – деп жазды Берік Уәли әлеуметтік желілердегі парақшасына.
Қазақстанның ең дәмді қымызы қай өңірде бапталатыны белгілі болды
© Photo : Пресс-служба акима Астаны
Қымыздан дәм татудан бөлек, келушілер ұлттық тағамдардан ауыз тиіп, фольклорлық қойылымдарды тамашалап, қолөнер жәрмеңкесіне, концерттерге қатысып, жылқы көрмесін тамашалады.