Бүгін футзалдан Чемпиондар Лигасында қос командамыз сынға түседі
Соңғы ойында алматылық ұжым Бельгияда 7:3 есебімен жеңіске жетсе, ал семейліктер "Пьяст" командасымен 3:3 есебімен тең ...
Алматылық клуб енді словакиялық клубқа қарсы қызу дайындықты бастайды.
УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде алматылық "Қайрат" Словакияның атақты клубы — "Слованмен" жолығады.
Алғашқы матч 6 тамыз күні Алматыда өтеді. Басталуы — 20:00-де.
Қарымта кездесу 13 тамызда Братиславада, Алматы уақытымен 23:15-те басталады.
"Слован" — Словакияның 23 дүркін чемпионы және 17 мәрте Кубок иегері. Команданың бас бапкері қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс, бұрынғы "Қайрат" жаттықтырушысы Владимир Вайсс екенін де айта кетейік.
Естеріңізге сала кетейік, "Қайрат" алғаш рет өз тарихында УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алды. Күні кеше алматылық клуб Финляндияның КуПС командасын 3:0 есебімен тас-талқан етіп, екі ойын қорытындысы бойынша келесі кезеңге өтті.
Соңғы ойында алматылық ұжым Бельгияда 7:3 есебімен жеңіске жетсе, ал семейліктер "Пьяст" командасымен 3:3 есебімен тең ...
Алматылық "Қайрат" пен Қазақстан құрамасының қақпашысы Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының матчінде е ...
Швейцарияның Ньон қаласында футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалының жеребесі тартылды. Алматылық " ...