Алматы облысындағы баспана былығы: депутат шенділердің махинациясын әшкереледі
Жалған құжаттар, ұйымдасқан махинация, арзанға алып, қымбатқа сату. Мұның бәрі Алматы облысы Райымбек а ...
Әлеуметтік желіде бейнежазба пайда болды.
Марқұм Шерзат Полаттың әпкесі Перизат Нұрымованың отбасы баспаналы болды. Олар қазақстандықтарға алғыс білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сүйінші жаңалықты белсенді Дінмұхамед Қаматай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Шерзаттың бауыры Перизаттың қайғылы жағдайдан кейін отбасы қиын кезеңді бастан өткерді. Қауіпсіздік мәселесі барлығымызды алаңдатты. Осыған байланысты біз оларға қолдау көрсету үшін жаңа үй сатып алдық.
Бұл үй тек баспана ғана емес, ол – жаңа өмірдің бастауы. Алты баланың батыр анасы Перизаттың қолдауы болған сіздер. Бұл қадам олар үшін жай ғана баспана емес, болашаққа деген сенім мен жаңа өмірге қадам басуға мүмкіндік береді.
Қоғамдық бірліктің маңыздылығын көрсету үшін, осындай жағдайда қолдау көрсету әрқайсымыз үшін маңызды. Біз Перизаттың отбасына қиын сәтте көмек көрсетіп, оларды жалғыз қалдырмайтынымызды білдіргіміз келеді. Бұл бастаманы қолдаған барлық жанашырларға алғыс айтамыз!", — деді Дінмұхамед Қаматай.
Перизат Нұрымова да игі іске мұрындық болған қазақстандықтарға алғыс білдірді.
"Барша халқыма алғысым шексіз. Үлес қосып, бізге көмектескен жанашыр халқыма алғыс айтамын", — деді Шерзаттың әпкесі.
Жалған құжаттар, ұйымдасқан махинация, арзанға алып, қымбатқа сату. Мұның бәрі Алматы облысы Райымбек а ...
Бұл – "Человек в маске" атымен танылған жұмбақ жігіттің жантебірентерлік кезекті бейнежазбасы, деп хабарла ...
Бұл туралы ол өз әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Бұл – "Человек в маске" атымен танылған жұмбақ ...