Петропавлда тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға берілген баспана бір қысқа жетпей қирай бастады
Ал жаңа үйлердің кепілдік мерзімінің аяқталуына небәрі жарты жыл уақыт қалыпты. Петропавлда тасқыннан зардап ш ...
Баласын мектепке немесе балабақшаға апаратын әкелер мен аналар қолайлы жұмыс режиміне көше алады.
Қазақстандықтар жұмысқа бір сағатқа кешігіп бара алады. Мұндай жеңілдік қызметкерлерге баласын балабақшаға немесе мектепке апарып үлгермеген жағдайда беріледі, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Еңбек кодексіне сәйкес кішкентай бүлдіршіндері бар ата-аналар икемді жұмыс кестесіне өтуге құқылы. Бірақ ол үшін жұмыс берушінің рұқсатын алған жөн. Кішкентай баласы бар азаматтар икемді жұмыс режиміне өте алады.
Яғни, бала-шағасын балабақшаға немесе мектепке апару үшін ата-аналардың біріне жұмысқа бір сағат кешігіп баруға мүмкіндік беріледі. Ондай жағдайда арнайы жұмыс кестесін белгілеп, басшылықтан рұқсат алу керек. Алайда 8 сағат жұмыс күні сақталуы қажет екенін естен шығармаған жөн. Яғни, жұмысқа таңғы онда келсе, сәйкесінше, бір сағатқа кеш қайтады. Бұл Еңбек кодексінде бар ереже дейді еңбек министрлігінің өкілдері.
"Баласын мектепке немесе балабақшаға апаратын әкелер мен аналар қолайлы жұмыс режиміне көше алады. Олар жұмыс кестесін өздері белгілейді. Яғни, онға қарай жұмысқа келулеріне болады. Сәйкесінше жұмыстан кейінірек кетеді. Бұл арнайы заң тетіктерінде қарастырылған", – деді ҚР ЕХӘҚМ мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті төрағасының орынбасары Ерболат Абулхатин.
Мамандар бұл ереже қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын ескеріп, отбасы институтына қолдау көрсету үшін қажет дейді. Тек бұл жұмыс процесіне еш әсер етпеуі қажет екенін ескертеді. Сондықтан мұндай қадам жұмыс берушінің келісімімен ғана жасалады дейді.
Десе де, көпшілік Еңбек кодексінде бұндай жеңілдік қарастырылғанын білмейтін болып шықты. Тіпті, бұған қатысты халық пікірі қақ жарылды.
Сонымен қатар жүкті әйелдер немесе үш жасқа дейінгі баласы бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналардың біріне де жұмыста қосымша жеңілдік беріледі. Ондай азаматтар жұмыс берушіден толық емес жұмыс күніне еңбек шартыy өзгертуін сұрай алады. Еңбегіне сәйкес жалақысы да белгіленеді.