«Нәтижесін күтіп отырмыз»: Министр Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына қатысты пікір білдірді
Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлына қ ...
Қазақстандық актёр әрі файтер Еркебұлан Тоқтар (10-3) аралас жекпе-жектен өткен Octagon 77 турнирінің басты жекпе-жегінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Еркебұлан Тоқтар аралық салмақта ирандық спортшы Фарзад Гадеримен (18-15) кездесті. Үш раундқа жоспарланған айқас екінші раундта аяқталды: қазақстандық спортшы қарсыласын соңғы секундта техникалық нокаутпен жеңді.
Осылайша, Еркебұлан Тоқтар өзінің кәсіби мансабындағы 11-жеңісіне қол жеткізді. Ал ирандық файтер Гадери 16-шы рет жеңіліс тапты.
Еркебұлан Тоқтар BMF белбеуінің иегері және қазіргі таңда қатарынан алты жеңіс сериясын жалғастырып келеді.
Айта кетейік, спорттан тыс өмірінде ол актёр ретінде де танымал.
Жақында спортшы АҚШ-қа барып келген. Сол жерде біраз дайындық жүргізген.
«Қазақ еліне рахмет айтамын. Америкадан не үйреніп келді деген шығарсыңдар? Ортаға шығудың өзін гүл қылып жібердім. Хейтерлерім бір шелек су алып келіңдер дегенмін. Ашып жатқан жерлеріңе соны шашыңдар», — дейді спортшы.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Еркебулан Токтар (@erkebulan_toktar)
Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлына қ ...
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Балауса Мұздыман Алматыда жоспарланған жекпе-жегінің өтпейтінін мәлімдеді, деп ха ...
Танымал актёр әрі аралас жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар “TalkLike” берген сұхбатында құрметті атақ алғаны үшін өзі ...