Талғарда логистикалық парк ашылды
Алматы облысында индустриялды-логистикалық парк ашылды. Бастама өңірде халықаралық талаптарға сай жүк сақта ...
Хасан Қасымбаев және өзге де күдіктілерге байланысты сот отырысы Талғар қаласында өтуде.
Сот басталғаннан соң айыпталушылардың адвокаттары прокурорды ауыстыруды сұраған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бір сағаттық үзілістен кейін судья Айнагүл Тұқыбаева аталған өтінішті қанағаттандырып, мемлекеттік айыптаушы залдан шықты. Сот процесі екінші прокурор Ерлан Құланбаевтың қатысуымен жалғасқан.
Айта кетейік, Хасан Қасымбаевтың есімі 2024 жылдың 4 қазанына қараған түні Талғардағы "Қамажай" дүкенінің алдында болған қаралы оқиғадан соң таныла түсті.
16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне соң Талғар қаласында "Хуторские" атты қылмыстық топтың бары туралы ақпарат желдей есті. Ал Қасымбаевты жұрт әлгі топтың басшысы десті. Бірақ, Ішкі істер министрлігі мұны жоққа шығарды.
Хасан Қасымбаевқа бірден үш бап, яғни адам ұрлау, қасақана ауыр дене жарақатын салу, қорқытып алу бойынша айып тағылған. Ол 2024 жылдың 2 қарашасында ұсталды. Онымен тағы бес адам сот алдында жауап беруде Жәбірленушілер саны – екеу, бірақ олардың жеке дерегі әзірше жарияланбай отыр.
Алматы облысында индустриялды-логистикалық парк ашылды. Бастама өңірде халықаралық талаптарға сай жүк сақта ...
Қарағандылық ажырасқан ерлі-зайыптылардың 4 жасар ұлы қалған. Бұған дейін сот баланы анасымен қалдырып, әкес ...
Айыпталушылар қатарында сегіз ер адам мен екі әйел бар. Парижде Франция президенті Эммануэль Макронның жұбай ...