340 мың ұстаз жасанды интеллектіні меңгерді
Еліміздің 340 мыңға жуық педагогі жасанды интеллект мүмкіндіктерін кәсіби деңгейде қолдануды үйренді. Бұл тур ...
Мұнда әлемдегі тұңғыш жасанды интеллект дәлізі ашылды.
Дубай халықаралық әуежайында жолаушылар енді құжат көрсетпей және тоқтамай-ақ иммиграциялық бақылаудан өте алады. Себебі мұнда жасанды интеллект технологиясына негізделген әлемдегі тұңғыш бақылау дәлізі ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
АЗЕРТАДЖ агенттігінің жазуынша, жаңа жүйе бақылау пунктіне жетпей тұрып-ақ жолаушылардың бет-әлпетін таниды. Дәліз арқылы бір уақытта 10 адамның деректері өңделеді. Бұл туралы Дубайдағы резидентура және шетелдіктер ісі жөніндегі бас басқарманың бас директоры, генерал-лейтенант Мұхаммед Ахмед әл-Марри хабарлады.
ЖИ-дәліз тексеру процесін жылдамдатып, әуежайдың өткізу қабілетін екі есеге арттырады деп күтілуде. Бұдан басқа жүйе күдік тудыратын төлқұжаттарды автоматты түрде сарапшыларға жібермек.
Дубай өткен жылы да халықаралық жолаушылар ағыны бойынша дүние жүзіндегі ең жүктемесі көп әуежай мәртебесін сақтап қалды.
Еліміздің 340 мыңға жуық педагогі жасанды интеллект мүмкіндіктерін кәсіби деңгейде қолдануды үйренді. Бұл тур ...
Қайтарылған активтерді басқару компаниясы биылғы жұмыстың есебін жариялады. 2025 жылдың басынан бері Қайтарылған а ...
Біріккен Араб Әмірліктерінде толассыз жауған жаңбыр салдарынан Дубай қаласын cу басты. Биліктің мәліметінше ...