Дубайды топан су басты
Біріккен Араб Әмірліктерінде толассыз жауған жаңбыр салдарынан Дубай қаласын cу басты. Биліктің мәліметінше ...
Қайтарылған активтерді басқару компаниясы биылғы жұмыстың есебін жариялады.
2025 жылдың басынан бері Қайтарылған активтерді басқару компаниясы (ҚАБК) 155 нысанды сатып, бюджетке 38,4 миллиард теңге құйды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сатылған лоттардың ішінде Астананың зәулім қонақ үйі мен шетелдегі виллалар ең қымбат мәмілелер ретінде тіркелді.
Компания құрылған сәттен бастап оның иелігіне жалпы құны 96,5 миллиард теңге болатын активтер берілген болатын.
Биыл компания ауқымды жұмыс атқарып, 577 электронды сауда-саттық ұйымдастырды. Нәтижесінде 155 актив сәтті сатылып, түскен жалпы сома 38,4 миллиард теңгені құрады.
Сауданың ең ірі нысандары:
Тек сатылым ғана емес, сонымен қатар құны 29,4 миллиард теңге болатын 33 актив тікелей мемлекет меншігіне өткізілді. Олардың қатарында жер учаскелерінен бөлек, тарихи маңызы бар жәдігерлер – археологиялық артефактілер мен көне монеталар да бар. Бұл құнды қазыналар Қазақстанның Ұлттық музейіне сақтауға берілді.
Бүгінгі таңда Арнайы мемлекеттік қорға 38,3 миллиард теңге аударылды. Аталған сомаға активтерді сатудан түскен табыстар мен өзге де түсімдер кіреді.
Біріккен Араб Әмірліктерінде толассыз жауған жаңбыр салдарынан Дубай қаласын cу басты. Биліктің мәліметінше ...
Жоба жергілікті ірі девелопер Binghatti Developers компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылады, деп жазады inbusiness.kz с ...
Араб әмірліктері азық-түлік импортына тәуелділігін төмендетуге ден қойды. Салада сырттан жеткізілетін өнім үлесі а ...