Сақ болыңыздар! “Министрлік қызметкерімін“ деп үй аралайтындар пайда болған
Әлеуметтік желіде өзін Оқу-ағарту министрлігінің қызметкері ретінде таныстырған белгісіз адамдар үйлерді ...
Оқиғаға байланысты Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі үндеу жасады.
Әлеуметтік желілерде Балқаш қаласындағы мектептерге жарылғыш заттар қойылды деген хабарлама таратылып жатыр. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Әлеуметтік желілер мен Telegram-арналарда Балқаш қаласындағы мектептерге жарылғыш заттар қойылды деген қауесеттер таратылып жатыр. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайтындығы туралы ресми түрде мәлімдейміз.
Жалған мәлімет тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық білім беру мекемелері полиция қызметкерлерімен тексерілді — ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ", – делінген Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі хабарламасында.
Қазіргі уақытта жалған ақпарат таратқан адамдарды анықтау және ұстау үшін ауқымды жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
"Қарағанды облысының полиция департаменті терроризм актісі туралы әдейі жалған хабар таратқаны үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Балқаш қаласының тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтауға, арандатушылыққа ермеуге және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз", – делінген хабарламада.
Әлеуметтік желіде өзін Оқу-ағарту министрлігінің қызметкері ретінде таныстырған белгісіз адамдар үйлерді ...
Шығыс Қазақстанда жедел респираторлы вирустың таралуына байланысты, 32 мектептің 3 мыңнан астам оқушысы қаш ...
ҚР Оқу ағарту министрі 2025 жылғы 31 қазандағы "Халықаралық мектеп мәртебесін беру Ережелерін бекіту турал ...