Елде мемлекеттік сервистерге қолжетімділік қиындай түсті: Министрлік себебін түсіндірді
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Бас прокуратурамен бірлесіп мемлекеттік онлайн-сервистерге кіру ереж ...
Қазақстанның Бас прокуратурасы Google-дағы 2,5 миллиард Gmail қолданушының деректері тарап кеткенін хабарлады. Осыған байланысты құзырлы орган ел азаматтарына Gmail-дағы құпиясөзін өзгертуге кеңес беріп отыр, деп жазады Egemen.kz.
ShinyHunters хакерлік тобы бұл әрекетін Google қызметкерін алдау арқылы жүзеге асырып, Salesforce Data Loader қосымшасын заңсыз пайдаланған.
Бұл деректерді қолдана отырып, қылмыскерлер Google атынан қоңырау шалып, жалған хабарламалар таратып, қолданушылардан Gmail паролін қалпына келтіруді талап еткен. Осылайша олар кодтарға, құпиясөздер мен аккаунттарға қолжеткізген.
Бас прокуратура алаяқтықтардың алдын алып, қауіпсіздік үшін мынадай шараларды орындауды ұсынып отыр:
1. Қарапайым, қайталанатын құпиясөзді бірден ауыстыру;
2. Екі факторлы аутентификацияны қосу немесе заманауи қорғау тәсілдерін (биометрия, PIN) пайдалану;
3. Google атынан деп келетін қоңыраулар мен хаттарға сенбеу — он шақты жағдайдың тоғызында бұл алаяқтық болып шығады;
4. Қолданбалар мен қосылымдарды бақылап, артық рұқсаттарды шектеу.
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Бас прокуратурамен бірлесіп мемлекеттік онлайн-сервистерге кіру ереж ...
Ресейлік боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жары Екатерина Бивол Қазақстан мен Қырғызстан билігінің өзіне қат ...
Қазақстанда биыл 9 айдың қорытындысы бойынша жол апаты салдарынан 1 600-ден аса адам қаза тауып, 35 000 ...