Елде мемлекеттік сервистерге қолжетімділік қиындай түсті: Министрлік себебін түсіндірді
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Бас прокуратурамен бірлесіп мемлекеттік онлайн-сервистерге кіру ереж ...
Ресейлік боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жары Екатерина Бивол Қазақстан мен Қырғызстан билігінің өзіне қатысты қабылдаған шараларын келеке етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне қатысты қазақстандық сайттар жариялаған материалдардың скриншоттарын бөлісіп, Қазақстан заңнамасын бұзғаны үшін қолданылып жатқан шараларға қатысты пікір білдірді. Бұл шаралар оның қазақтар мен қырғыздарды қорлайтын сөздерінен соң қолға алынды.
«Қараңыздаршы, бұларды ең қатты толғандыратыны осы екен! Иә, мен супержұлдызбын ғой», – деп жазды Бивол өзінің Telegram-арнасында.
25 қазан күні Қырғызстанның ІІМ, ал 31 қазанда Қазақстанның ІІМ Екатерина Биволға қатысты қылмыстық іс қозғады. Екі елде де оған халықаралық іздеу жарияланып, қамауға алу туралы ордер берілді.
Бұған дейін Бивол Instagram парақшасында түрлі ұлт өкілдерін, соның ішінде қазақтар мен қырғыздарды балағаттап, қорлайтын бейнероликтер жариялаған болатын.
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Бас прокуратурамен бірлесіп мемлекеттік онлайн-сервистерге кіру ереж ...
Қазақстанда биыл 9 айдың қорытындысы бойынша жол апаты салдарынан 1 600-ден аса адам қаза тауып, 35 000 ...
Қазақстанның Бас прокуратурасы Google-дағы 2,5 миллиард Gmail қолданушының деректері тарап кеткенін хабарлады. Осыған ба ...