Чемпиондар лигасы: "Қайрат" пен "Семейдің" 1/8 финалдағы қарсыластары анықталды
Швейцарияның Ньон қаласында футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалының жеребесі тартылды. Алматылық " ...
Алматылық ұжым бүгін Чемпиондар лигасының 4-тур ойынын өткізу үшін Миланға жолға шықты. Матч Джузеппе Меацца стадионында өтеді.
Қарашаның 5-нен 6-на қараған түні "Қайрат" Чемпиондар лигасы аясында Миланда жергілікті "Интермен" кездеседі.
Футбол жанкүйерлерінің басым бөлігі италиялық "Интерді" жақсы біледі. Бүгінде ол Еуропа футболының басты грандтарының бірі саналады.
Клуб тарихына көз жүгіртсек, "Интер" — Италияның 20 дүркін чемпионы, ел кубогын тоғыз рет және Чемпиондар лигасының кубогын үш рет иеленген. Өткен онжылдықта команда ұзаққа созылған дағдарысты бастан өткерді. Алайда 2020/21 маусымынан бастап команданың жағдайы айтарлықтай жақсарды.
"Интердің" ойыншылар құны жалпы есеппен 694 миллион еуро шамасында, ал қазақстандық команданың құны — 13 миллион еуро.
"Интермен" өтетін матч — "Қайрат" үшін Еуропаның ең мықты әрі ең атақты клубтарының бірімен болатын ерекше кездесу. Миландықтар бапкер ауысқанымен, жоғары деңгейін сақтап, әлі де А сериясы мен Чемпиондар лигасының басты фавориттерінің қатарында қалып отыр.
Миландық ұжымның Чемпиондар лигасындағы жағдайы тамаша. Үш ойынның үшеуінде жеңіске жетіп, голдар айырмасы 9:0. Егер "Қайратты" жеңсе, италиялықтар плей-оффқа тікелей жолдамамен қатар негізгі кезеңнің үздік сегіздігіне кіруге зор мүмкіндік алады
Швейцарияның Ньон қаласында футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалының жеребесі тартылды. Алматылық " ...
Алматылықтарға тең нәтиже де чемпиондық атақты сақтап қалуға жеткілікті болса, астаналықтарға тек жеңіс қажет ...
Алматының «Қайрат» командасының қақпашысы Темірлан Анарбеков UEFA Чемпиондар лигасында тамаша өнер көрсетіп, S ...