Шымкент әкімдігі еденде жатқан науқастарға ресми түсініктеме берді
Бірер күн бұрын әлеуметтік желілерде жұқпалы аурулар ауруханасынан түсірілген видео кеңінен тараған еді. Кад ...
Әлеуметтік желі қолданушысының вокзалдың қазіргі жағдайына қарата " бомба тасталған секілді" деп жазғаны белгілі болды.
Аталған жайтқа "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі түсініктеме беріп өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
ҚТЖ жауабында ҚР Үкіметі қаулысының аясында еліміздегі барлық теміржол вокзалында қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқаны айтылады. Олардың қатарына Алматы-1 вокзалы да енген.
– Алматы-1 вокзалы – елдің басты көлік тораптарының бірі әрі қаланың инфрақұрылымының маңызды бөлігі. Күніне бұл вокзал арқылы 2,5 мыңнан астам жолаушы өтеді. Нысанға соңғы рет жөндеу жұмыстары 18 жыл бұрын жүргізілген, – деп хабарлады компания өкілдері.
Сонымен қатар, ғимарат пен перронның техникалық жай-күйіне жүргізілген тексеру нәтижесіне сай, нысанның құрылымдарын күшейту және заманауи жайлылық пен қауіпсіздік стандарттарына сәйкес жаңарту қажет екенін мәлімдеген.
Перронның темірбетон платформасы толық ауыстыруды талап еткен. Қайта жаңғырту жұмыстары вокзал кешенін жаңарту, жолаушыларға қызмет көрсету жағдайларын жақсарту, нысанның қауіпсіздік пен энергия тиімділігін арттыруға бағытталған. Халықтың қозғалысы шектеулі топтарына қолжетімділікті жеделдетуге және қазіргі сапа стандарттарын енгізуге ерекше назар аударылылып отыр.
Бірер күн бұрын әлеуметтік желілерде жұқпалы аурулар ауруханасынан түсірілген видео кеңінен тараған еді. Кад ...
Қарағанды облысында пойыз бен жеңіл көлік соқтығысты. Оқиға салдарынан қаза тапқандар бар, — деп хабарлайды ...
Жолаушы пойызға үлгермей қалған жағдайда не істеуі керек екені айтылды, — деп хабарлайды Massaget .kz ті ...