ШҚО-да үш мыңнан аса оқушы қашықтан оқып жатыр
Шығыс Қазақстанда жедел респираторлы вирустың таралуына байланысты, 32 мектептің 3 мыңнан астам оқушысы қаш ...
ҚР Оқу ағарту министрі 2025 жылғы 31 қазандағы "Халықаралық мектеп мәртебесін беру Ережелерін бекіту туралы" бұйрыққа қол қойды
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
«Халықаралық мектеп мәртебесін беру Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін жетілдіру және оған халықаралық білім беруді кіріктіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасында бастауыш және (немесе) негізгі орта және (немесе) жалпы орта білім берудің кіріктірілген білім беретін оқу бағдарламаларын дербес әзірлеп, іске асыратын мектептердің қызметін құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады»,- делінген ақпаратта.
Халықаралық мектеп мәртебесін беру үшін мынадай талаптар қойылады:
Халықаралық мектеп мәртебесін беру тәртібі
Халықаралық мектеп мәртебесін алуға үміткер білім беру ұйымы білім беру саласындағы уәкілетті органға белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын нотариалды куәландырылған жарғы көшірмесін және ұйым басшысының қолымен, ұйымның мөрімен (бар болған жағдайда) куәландырылған құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша өтінімді ұсыну қажет.
Келесі құжаттарды да бірге беру керек:
білім беру ұйымының оқу жетістіктері туралы анықтаманы (соңғы үш жылдағы білім алушылардың оқу жетістіктерінің нәтижелері, оның ішінде халықаралық олимпиадаларға, конкурстарға және жарыстарға қатысуы туралы мәліметтер);
жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының мазмұны туралы анықтаманы (негізгі мақсаттары, бақылау құралдары, білім сапасын мониторингілеу және қамтамасыз ету құралдары, сондай-ақ бар болған жағдайда TIMSS, PISA және басқа да халықаралық зерттеулерге қатысу нәтижелері туралы мәліметтер);
оқу-тәрбие процесін кадрлық, материалдық-техникалық және әдістемелік қамтамасыз ету туралы, сондай-ақ қаржыландыру көздері жөніндегі мәліметтерді ұсынады.
Жұмыс органы құжаттар тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде олардың Талаптарға сәйкес толықтығын және (немесе) құжаттардың қолданылу мерзіміне сәйкестігін тексереді.
Ұсынылған мәртебеге сәйкестігін қарастыру үшін уәкілетті органның бұйрығымен білім беру ұйымдарының берген өтінімдерін қарау жөніндегі комиссия құрылады. Өтінімді қарау мерзімі – 30 жұмыс күні.
Ұсынылған материалдарды қарау нәтижелері бойынша Комиссия халықаралық мектеп мәртебесін беру не беруден бас тарту туралы қорытынды дайындайды, ол хаттамамен рәсімделеді. Хаттамаға Комиссияның барлық мүшелерінің қолы қойылады және қорытындымен келіспейтін Комиссия мүшелерінің ерекше пікірлері міндетті түрде көрсетіледі. Комиссияның қорытындысы отырысқа қатысқан мүшелердің көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Комиссияның оң қорытындысы бойынша уәкілетті орган 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде білім беру ұйымына 5 (бес) жыл мерзімге халықаралық мектеп мәртебесін беру туралы бұйрық шығарады.
Екі немесе одан да көп білім беру ұйымдарының бірігуі, қосылуы, бөлінуі, бөлініп шығуы, қайта құрылуы кезінде жаңадан құрылған ұйым осы Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес белгіленген тәртіппен халықаралық мектеп мәртебесін алу рәсімінен қайта өтеді.
Бұйрық 2025 жылғы 17 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.