• 29-04-2026

ШҚО-да ветеринарлық анықтама берілмегендіктен кәсіпорын жабылған


Жыл басынан бері прокурорлық шаралар нәтижесінде 1266 кәсіпкердің құқығы қорғалды.


Өңірде инвесторларды қолдау және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша прокуратураның жүйелі жұмысы жалғасып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ал, бизнеске қатысты 2 жүйелі мәселе шешілді және 11 инвесторға қолдау көрсетілді.

Кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 173-бабы бойынша 2 лауазымды тұлға жауаптылыққа тартылып отыр.

Бизнеспен ашық диалогты қамтамасыз ету мақсатында прокуратура "Атамекен" кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, кәсіпкерлердің қатысуымен 42 кездесу өткізді.

Сондай мысалдардың бірі – "Алтайская Форель" ЖШС-не қатысты жағдай. Кәсіпкерге балықты тасымалдау үшін қажетті ветеринарлық анықтама бірнеше рет берілмей келген. Бұған себеп – заңнамада көзделмеген, балықтың шығу тегі туралы құжатты талап ету болған. Бұл талап кәсіпорын жұмысының тоқтауына әкелген.

Прокуратураның араласуынан кейін кәсіпкердің құқығы қалпына келтірілді – анықтама берілді.