• 29-04-2026

Ерейментаулық 1700-ден аса мұғалімнің еңбекақы қарызы өтелді


Аудандық прокуратурамен жүргізілген талдау барысында педагогтардың құқығын бұзу деректері анықталған.


Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде 247 млн теңге көлеміндегі еңбекақы қарызы толық өтелген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осылайша, Ерейментау ауданының прокуратурасы 1 732 мұғалімнің еңбек құқығын қорғаған.

– Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау прокуратура органдарының қадағалау қызметіндегі басым бағыттардың бірі саналады, – делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, аудан прокуратурасы жұмыс берушілерге еңбек заңнамасының талаптарын қатаң сақтау, еңбекақыны уақытылы әрі толық төлеу қажеттігін еске салып отыр.