Төрт түлікті тасқыннан қорғау шаралары күшейтілді
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы өзен бойына жақын орналасқан шаруашылық иелеріне арнайы ескерту берді. Яғни, т ...
Былтыр 36 жылда алғаш рет Ақтөбе су қоймасына кешенді реконструкция жасалды.
Су тасқынына дайындық аясында 239 шақырым өзен арнасын тазарту, кеңейту және түбін тереңдету жұмыстары жүргізілді, деп хабарлады Су ресурстары және ирригация министрлігі.
Тазартылғандар ішінде Ертіс өзенінің 27,4 шақырымы, Қиғаш өзенінің 73,7 шақырымы, Нұраның 1,1 шақырымы, Жайықтың 51,5 шақырымы және Жем өзенінің 85,5 шақырымы тазартылды.
Жалпы министрлік өзен учаскелерін санациялаудың кешенді жоспары аясында 2027 жылға дейін 10 облыста жалпы ұзындығы 815 шақырым болатын 51 өзен арнасын және бір көлді тазарту жұмыстары қарастырып жатыр. Бұдан бөлек, "Қазсушар" кәсіпорны еліміздің бірқатар өңірінде 1147 шақырым каналды механикалық тазартудан өткізіп, 230 су құрылысын жөндеді.
Оқи отырыңыз: Су тасқынына дайындық: 74 гидротехникалық құрылыс жөнделді
"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздің 10 облысында жаңадан коммуналдық меншіктегі гидротехникалық құрылыс-жайларды пайдалануға жауапты мамандандырылған ұйымдар құрылды. Олардың балансына 809 нысан қабылданды. 931 маман жұмысқа алынып, 203 техника берілді", – деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Былтыр 36 жылда алғаш рет Ақтөбе су қоймасына кешенді реконструкция жасалды. Ал Батыс Қазақстан облысындағы Киров су қоймасы 58 жылда бірінші рет жөнделді.
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы өзен бойына жақын орналасқан шаруашылық иелеріне арнайы ескерту берді. Яғни, т ...
Жаңа техникалар КамАЗ базасында жасалған. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Ақтөбе облысы Есет батыр Көкіұл ...
Ақтөбе облысына су тасқынына қарсы шараларға арналған заманауи арнайы автокөліктер берілді. ҚР Төтенше жағда ...