Қасиетті Ордабасыда Түркістан облысы мен Шымкент қаласының зиялы қауымы Амал мерекесін атап өтті
Бүгін үш жүздің басын қосқан киелі Ордабасы ауданында 14 наурыз – Амал мерекесіне орай зиялы қауым өкілдері, ел ағалары ...
Көрісу күнінде Асхат Шахаров 110 жастағы тыл еңбеккері Жәкібай Бисенғалиеваның үйіне сәлем беріп барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жәкібай Бисенғалиева – тағдырдың талай ауыр сынағын басынан өткерсе де, мойымаған мықты әрі мейірімді кейуана. Ол 1915 жылы дүниеге келген. Ұзақ жылдар қазіргі Хромтау ауданында тұрды. Ол қамбада астықты таразылаудан бастап, тракторды тізгіндеуді жетік меңгерген. Кітапханашы, сауыншы болып жұмыс істеді. Сұрапыл соғыс жылдарында еш қиындыққа қарамастан, майданға көмектесу үшін жұмысын тастаған жоқ.
Жолдасы Ғабит Бисенғалиев соғыстан елге І топтағы мүгедек болып оралды. Ол 1993 жылы өмірден өтті. Ерлі-зайыптылар үш бала тәрбиелеп, өсірді. Жәкібай ананы 74 жасында балалары мен немерелері қалаға көшіріп әкелген. Қария қазір немересі Данияр және оның отбасымен бірге тұрады. Әженің үш немересі мен жеті шөбересі бар.
Жәкібай Бисенғалиеваның отбасы әрқашан татулығымен ерекше. Келіні Өзипа Бисенғалиева енесімен кикілжіңсіз, татулық пен түсіністікте 47 жыл өмір сүргендерін айтады.
Менің енем – жарқын және мейірімді әйел. Маған көп нәрсе үйретті. Біз бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп келеміз, — деді Өзипа Бисенғалиева.
Асхат Шахаров кейуана мен оның отбасын Көрісу күні мерекесімен құттықтады.
Сіз көптеген сынақты бастан кешірдіңіз, соған қарамастан жүрегіңіз күшті. Өзіңізден мейірімділік пен жылулық желі есіп тұр. Данагөйлігіңіз, ақыл-кеңесіңіз бен қолдауыңыз берік отбасылық дәстүрдің негізі болып отыр. Әр күн Сізге қуаныш пен бақыт әкелсін, жақындарыңыз қамқорлығына бөленіп жүре беріңіз, — деді өз сөзінде аймақ басшысы.
Бүгінде Ақтөбеде 100 жастан асқан екі адам тұрады. Сәуір-мамыр айларында тағы бес ақтөбелік ғасырлық мерейтойын атап өтеді.
Бүгін үш жүздің басын қосқан киелі Ордабасы ауданында 14 наурыз – Амал мерекесіне орай зиялы қауым өкілдері, ел ағалары ...
Елімізде Наурыз мерекесі туралы жаңа тұжырымдама әзірленді. Ұлыстың ұлы күні 14 наурыздан, яғни А ...
Ақтөбенің екі тұрғыны көліктерінің жоғалғанын айтып, полицияға жүгінген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттіг ...