СҚО-да элеватор жұмысшысы астық қоймасына құлап, көз жұмды
Қайғылы оқиға 19 қараша күні болған. Ақжар ауданында 34 жастағы жұмысшы әйел биіктігі шамамен 30 метр болатын ...
Райымбек ауданының шаруалары биыл картоптан мол өнім алып жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Оған қожалықтарға су үнемдеу технологиясын енгізу және шетелдік элиталық тұқымдардың егілуі оң ықпал еткен. Жергілікті шаруалар өңір басшысынан картоп сақтайтын қойма салуға көмектесуін сұрады. Алматы облысы әкімінің аудан халқымен кездесуінде жол жөндеу, шалғай ауылдарға әлеуметтік нысандар салу мәселесі де кеңінен талқыланды.
Ардақ Айбарұлы, тілші:
- Райымбек ауданындағы «Алтын дән 1» агроөнеркәсіптік кооперативі 150 га алқапқа жаңбырлатып суғару технологиясын енгізді. Қазір әр гектардан орта есеппен 30-35 тоннадан өнім алып жатыр.
Дулат Құлмамыров, Ауыл шаруашылығы кооперативінің төрағасы:
- Енді біз қанша өнімділік жинағанмен, оны қойма болмағаннан кейін ертең Алматы облысына, халыққа жеткізу өте қиын болады. Сондықтан біз қазір облыс әкімінен үлкен көмек сұрап отырмыз. 10 мың тоннаға ауданға қойма салуға қаржы қарастырып берсе екен деген.
Облыс әкімі сала басшыларына аталған мәселе бойынша тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. Қазір Райымбек ауданының аумағында Нарынқол – Кеген, Нарынқол – Сүмбе тас жолын орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
Алексей Фомин, мердігер компания өкілі:
- Мына жерде жол Сүмбеде, Қостөбеде саламыз. Жол 38 шақырым болады. 11 шақырымы қалды, осы айда бітіреміз.
Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев «Нарынқол» шекара бөлімшесіндегі 5 әскери қызметкерге жаңадан салынған үйлердің кілтін табыс етті. Оның құрылысына жергілікті бюджеттен 124 млн теңге бөлінген.
Марат Сұлтанғазиев, Алматы облысының әкімі:
- Бұл тек тұрғын үй кілтін табыстау ғана емес, мемлекет пен халықтың сіздерге деген сенімі мен ыстық ықыласының көрінісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, шекарашылар мемлекеттіліктің бұлжымас кепілі.
Жиында суармалы алқаптарды ұлғайту, дәнді-дақылдарды зиянкестерден қорғау, мектеп, аурухана сияқты ескірген әлеуметтік нысандарды күрделі жөндеуден өткізу мәселелері де көтерілді.
Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Аят Дүйсенбаев, Аманжол Жөңкешов