Анадолы елінде ұлттық салт-дәстүріміз дәріптелді
Қазақ диаспорасының өкілдері жырақта жүрген қандастарымыздың басын қосып , ерекше тарту жасады, деп хабарлай ...
Үкімет басшысы Олжас Бектенов қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құрметті отандастар! Баршаңызды береке-бірліктің бастауы, ізгілік пен жақсылықтың жаршысы – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Әз-Наурызды тойлау дәстүрі мазмұны жағынан жаңаша сипатқа ие болып, ұлық мереке өскелең ұрпақ үшін еселі еңбек пен өнегелі істердің ұйытқысына айналды.
Табиғат-Ананы мейірімге бөлеп, тіршілік атаулыны түрлендірген шуақты мейрам тарихымызды дәріптеп, рухани құндылықтарымызды дамытуға үлес қосып келеді. Жаңарған жыл басы еңсесі биік елдіктің тұғырын нығайтып, мемлекетімізге ризық-несібесін ала келсін.
Халқымызға тән бауырмалдық пен өзара жанашырлық сияқты асыл қасиеттер әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш сыйласын.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға баянды бақыт тілеймін! Ұлыс оң болсын, ырыс мол болсын!, — делінген құттықтауда.
Қазақ диаспорасының өкілдері жырақта жүрген қандастарымыздың басын қосып , ерекше тарту жасады, деп хабарлай ...
Ұлыбританиядағы қандастар Наурыз мейрамында ұлттық құндылықты ұлықтаған мерекелік іс-шара өткізді, деп хаба ...
Орталық Азияның ірі Aport молдары Наурызды кең көлемде тойлап, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлауда. Б ...