Дариян ауылының тұрғындары Ұлыстың ұлы күнін тойлап жатыр
Ұлыстың ұлы күні Оралдан 25 шақырым қашықтағы Дариян ауылында ақшаңқан киіз үйлер тігіліп , қолөнер туындыла ...
Наурыз – тек көктем мерекесі ғана емес, сондай-ақ қоғамдағы бірлік пен ынтымақты күшейтетін маңызды әлеуметтік және мәдени құбылыс.
Наурыз мейрамы – еліміздегі барлық ұлт өкілін жаңару, бірлік және ізгілік секілді құндылықтар арқылы біріктіреді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ынтымақты нығайтуға ықпал ететін бірнеше негізгі аспект бар:
Ортақ дәстүрлер мен құндылықтар. Наурыз – көктемгі жаңару мен жаңа өмірдің, достық пен татулықтың белгісі. Бұл – Қазақстанда өмір сүретін барлық этносқа жақын мереке.
Қонақжайлылық пен дастарқан жаю. Мереке күндері адамдар бір-бірін қонаққа шақырып, дәстүрлі тағамдар әзірлейді, халықтың ынтымағы нығая түседі.
Мәдени әртүрлілік. Мереке аясында концерттер, жәрмеңкелер мен ұлттық ойындар өткізіледі. Әртүрлі этнос өздерінің дәстүрлерін, ұлттық киімдері мен әдет-ғұрпын көрсетеді.
Бірлік пен бейбітшілік идеясы. Қазақстан түрлі ұлт өкілінің бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүруімен танымал, ал Наурыз – ұлтаралық келісімнің, өзара құрмет пен қоғам бірлігінің символы.
Жалпы халықтық серуендер. Мереке күндері Қазақстан халқы көшеге шығып, жаппай мерекелейді. Бұл мәдени шекараларды жойып, ұлт пен ұлыс өкілдері арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтады.
Ұлыстың ұлы күні Оралдан 25 шақырым қашықтағы Дариян ауылында ақшаңқан киіз үйлер тігіліп , қолөнер туындыла ...
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты, Тәжік ...
Іс-шараға ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің профессор-оқытушылар құрамы, қазақстандық магистранттар, Тәжікстан, Қырғыз ...