Анадолы елінде ұлттық салт-дәстүріміз дәріптелді
Қазақ диаспорасының өкілдері жырақта жүрген қандастарымыздың басын қосып , ерекше тарту жасады, деп хабарлай ...
Бүгін 22 наурыз — Ұлыстың ұлы күні. Наурыз – жаңару мен жаңғырудың, бейбітшілік пен берекенің бастауы саналатын көктем мерекесі. Бұл күн – табиғат пен адамның үйлесімін, ізгілік пен мейірімділікті дәріптейтін ерекше мейрам, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Наурыз - жыл басы. Парсы тілінде "нау" — "жаңа", "руз" — "күн" деген ұғымдарды білдіреді.
Наурыз мейрамы қазақ халқы үшін ғана емес, бүкіл түркі жұрты мен Шығыс халықтары үшін де үлкен маңызға ие. Бұл күні адамдар бір-біріне ақ тілектерін айтып, дастархан жайып, ұлттық тағамдар әзірлейді. Көпшілік Наурыз көже пісіріп, алтыбақан құрып, ұлттық ойындар ұйымдастырады.
Қазақ халқы бұл мерекені «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Ежелгі наным-сенім бойынша, дәл осы күні әлем жаңарып, барша тіршілік иесі жаңа өмірге қадам басады.
Ұлыстың ұлы күнінде ренжіскен жандар татуласып, үлкендерден бата алынады. Көшпелі халықтар үшін Наурыз – жаңа жылдың бастауы саналған, өйткені бұл кезде күн мен түн теңеліп, табиғат қайта жаңарады.
Айта кетсек, Наурызнама онкүндігі аясында бүгін Жыл басы күні атап өтіледі.
Қазақ диаспорасының өкілдері жырақта жүрген қандастарымыздың басын қосып , ерекше тарту жасады, деп хабарлай ...
Ұлыбританиядағы қандастар Наурыз мейрамында ұлттық құндылықты ұлықтаған мерекелік іс-шара өткізді, деп хаба ...
Орталық Азияның ірі Aport молдары Наурызды кең көлемде тойлап, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлауда. Б ...