Мемлекеттік бағдарламамен баспана алған жұрт әкімдік алдында наразылық білдірді
Үйдің алдында асфальттің төселмегені де тұрғындардың жанына батқан. Ақтөбеде мемлекеттік бағдарламамен ...
Тұрғындардың айтуынша, бұрын мал жайылатын алқаптар жекенің иелігіне өтіп кеткен .
Түркістан облысы, Сайрам ауданында жайылым жердің тапшылығынан тұрғындар төрт түлігін қорада ұстауға мәжбүр. Шапырашты мен Береке ауылдарының халқы жаз бойы малын сыртқа шығара алмай, жем-шөпке тәуелді болғанын айтады, деп хабарлайды 31-арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.
Тұрғындардың айтуынша, бұрын мал жайылатын алқаптар жекенің иелігіне өтіп кеткен. Қазір бұл жерлер қоршалып, қарапайым халық түгілі, адам өзі өте алмайтын жағдайға жеткен.
Шапырашты ауылының тұрғыны Гүлзабира Құрмантаева соңғы үш жылдан бері малын далаға шығара алмай отырғанын жеткізді.
"Жайылым жер жоқ болғаннан кейін осылай қамап отырмыз. Күнделікті малағын шығарамыз, жемін саламыз. Қайта далада жүрген мал салқында жақсы семіреді. Ал біз жемдеп отырған мал арық. Жаз бойы осылай болды, қатты қиналдық", – дейді Гүлзабира Құрмантаева.
Тағы бір ауыл тұрғыны Төлеген Жамаловтың айтуынша, жер иеленушілер жылдар бұрын алған жер телімінің нысаналы мақсатын өзгертіп, қайта жалға алған.
"2008 жылы алып қойған жердің нысанын өзгертіп, қайта жер алып отыр. Бір кісінің өзі 10 гектар, 26 гектар жер алған. Ауылда ешкім танымайтын адамдар Қарасу өзенінің бойындағы беткейлердің бәрін алып қойған. Әр үйден бір-бір сиырдан қоссақ, көктемде семіз болған малымыз күзде терісі мен сүйегі ғана қалады. Өйткені жайылым жоқ", – деді Төлеген Жамалов.
Оқи отырыңыз: Су саласы мамандықтарына бөлінетін грант саны 70% артты
Аудан әкімдігі жайылым мәселесін шешуге әрекет жасап жатқанын айтады. Шенеуніктердің мәліметінше, соңғы жылдары қайтарылған жерлер ауыл тұрғындарына ортақ пайдалануға берілген.
"2022-2025 жылдары Қарасу ауыл округіне қарасты 779 гектар жер учаскесі қайтарылды. Бұл жерлер ауыл тұрғындарының малы үшін ортақ жайылым ретінде рәсімделді. Алайда қазір Шапырашты мен Береке ауылдарының маңында жайылым санатындағы бос жер қалмаған", – деді Береке ауылы әкімінің орынбасары Ерсін Мұсантаев.
Ал жерді жалға алып отырған кәсіпкерлер бұл жағдайға қатысты пікір білдіруден бас тартты.
Айта кетейік, тұрғындары негізінен мал шаруашылығымен айналысатын бұл елдімекендер Сайрам ауданының негізгі ет өндіретін аймақтарының қатарына кіреді. Сондықтан халық жергілікті биліктен жайылым мәселесін жедел шешуді сұрайды.