"Мүгедектерді Алла Тағала жазалады" деген әкім орынбасарының басы дауға қалды. Ол не деп ақталды
"Құдай үлкен сынақ берген" деп айтпақ болғанмын, деді Алматы облысы әкімінің орынбасары. "Мүгедектерді Алла Та ...
Бірақ соған қарамастан сұраныс жоғары екен.
Қазақстанда шаштараз бен сұлулық салондарындағы қызмет құны 12 пайызға өскен, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Finprom.kz ақпаратына сүйенсек, әсіресе тырнақ бояу мен шаш қию бағасы көтеріліпті. Мысалы, ерлердің шашын қию құны 16,2 %-ға өссе, қыз-келіншектердікі 10 %-ға көтерілген.
Демек, азаматтар орташа есеппен 2 600 теңгеге, ал әйелдер 4 мың теңгеге шашын қысқартады.
Айта кетейік, сұлулық салондардағы баға өсімі әсіресе Ұлытау облысында байқалған. Одан кейін Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары тұр. Ал тырнақ күтімін жасап нәпақасын тауып жүрген Балғын Садақбаева қызмет құнының өсуіне құрал-жабдықтар мен жалға алған орынның қымбаттауы себеп дейді. Бірақ соған қарамастан сұраныс жоғары екен.
Оқи отырыңыз: Шаштараз, тігінші, косметолог: Қазақстанда қандай мамандарға сұраныс артып келеді?
"Бізде материалдың бағасы ай сайын көтеріліп отырады. Сол үшін де біз кішкене қосамыз. Мен өзім 10 пайызға көтердім. Мысалға алдыңғы жылы 5 мың болса маникюр, биыл 6 мың. Бұл тек бір жылға. Ал материал бағасы ай сайын өзгереді. Одан бөлек, жарыққа, суға төлейміз. Ол үшін де көтеріледі", – деді nail шебері Балғын Садақбаева.
"Құдай үлкен сынақ берген" деп айтпақ болғанмын, деді Алматы облысы әкімінің орынбасары. "Мүгедектерді Алла Та ...
Ал жаңа үйлердің кепілдік мерзімінің аяқталуына небәрі жарты жыл уақыт қалыпты. Петропавлда тасқыннан зардап ш ...
Кейінгі рет өңірде дәл осындай қайғылы жағдай 21 жыл бұрын болған екен. Маңғыстау облысында мысық тісте ...