Дубайдағы виллалар мен "Думан" қонақүйі сатылды
Қайтарылған активтерді басқару компаниясы биылғы жұмыстың есебін жариялады. 2025 жылдың басынан бері Қайтарылған а ...
Жоба жергілікті ірі девелопер Binghatti Developers компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жаңа кешен Mercedes-Benz Places деп аталады және люкс санатындағы тұрғын үйлерден тұрады.
Жоба аясында заманауи архитектура, жоғары деңгейдегі жайлылық пен премиум сервистер ұсынылады. Кешенде тұрғын үйлермен қатар демалыс аймақтары, инфрақұрылым нысандары және қоғамдық кеңістіктер қарастырылған.
Айта кету керек, Mercedes-Benz компаниясы құрылыс жұмыстарын тікелей жүргізбейді. Автоконцерн бұл жобаға өз бренді, дизайны мен стильдік тұжырымдамасын береді. Ал құрылыс пен іске асыру жұмыстарына Binghatti Developers жауапты.
Мұндай брендтік тұрғын үй жобалары әлемде бұрыннан бар тәжірибе. Олар автомобиль, сән және люкс брендтердің жылжымайтын мүлік нарығына шығуын білдіреді.
Сарапшылардың пікірінше, Mercedes-Benz атауы кешеннің нарықтағы тартымдылығын арттырып, оны премиум сегменттегі ерекше жобалардың біріне айналдырады.
Қайтарылған активтерді басқару компаниясы биылғы жұмыстың есебін жариялады. 2025 жылдың басынан бері Қайтарылған а ...
Біріккен Араб Әмірліктерінде толассыз жауған жаңбыр салдарынан Дубай қаласын cу басты. Биліктің мәліметінше ...
Араб әмірліктері азық-түлік импортына тәуелділігін төмендетуге ден қойды. Салада сырттан жеткізілетін өнім үлесі а ...