• 16-09-2026

"Отырар сазы" концерттік маусымын Қаршыға Ахмедияровтың 80 жылдығымен ашты


Концертте композитордың таңдаулы шығармалары орындалды.


Нұрғиса Тілендиев атындағы "Отырар сазы" академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрі жаңа концерттік маусымын "Күй-ұран" кешімен ашты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Музыкалық кеш көрнекті күйші-домбырашы, композитор, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қаршыға Ахмедияровтың 80 жылдығына арналды.

Концертте оркестрдің көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дінзухра Тілендиева, сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жалғасбек Бегендіков, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерболат Ахмедияров және халықаралық байқаулардың лауреаты Әбілқайырхан Бейсеков дирижерлік етті.

Музыкалық кешке Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы да қатысты.

Бағдарламада Қаршыға Ахмедияровтың "Күй-ұран", "Қосбасар", "Ақмешіт", "Мама", "Жұлдызым" шығармалары орындалды. Сонымен қатар көрермендер Нұрғиса Тілендиевтің "Махамбет" поэмасы мен "Реквиемін" тыңдады.