Үкімет 2026 жылы 12 заң жобасын әзірлейді
Парламентке бірінші жартыжылдықта 5 заң жобасы, екінші жартыжылдықта 7 құжат енгізілмек. Әділет министрі Ерлан Сәрс ...
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев халықаралық тау-кен өндіруші Zijin Mining Group компаниясының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тараптар Қазақстанның тау-кен металлургия саласындағы инвестициялық ынтымақтастық перспективаларын, оның ішінде қатты пайдалы қазбаларды игеру, қайта өңдеу жобаларын талқылады.
Zijin Mining Group әлемдегі ірі тау-кен өндіруші компаниялардың қатарына кіреді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша компания 1,09 млн тонна мыс өндіріп, әлемдік өндірушілер арасында 4-орынға ие болды, алтын өндіру көлемі 90 тоннаны құрады. Компания мыс қоры бойынша әлемде 3-орында, алтын мен мыс ресурстары бойынша – 5-орында, мырыш бойынша – 6-орында, литий бойынша – 7-орында.
Қазақстанда Zijin Mining Group Ақмола облысындағы "Райгородок" кен орнында жұмыс істейді. Жаңа алтын өндіру фабрикасының құрылысына салынатын тікелей инвестициялар көлемі $600 млн-нан асады. Жоба жылына қосымша 10 млн тонна кен өңдеу қуатын құрып, тау-кен байыту кешенінің жалпы қуатын 16 млн тоннаға дейін арттыруды көздейді.
Компания Қызылорда облысындағы "Шалқия" қорғасын-мырыш кен орнына да қызығушылық білдіріп, жобаға ықтимал қатысу мүмкіндігін нақты пысықтауға дайын екенін жеткізді.
Кездесуде минералдық шикізатты терең қайта өңдеу, заманауи технологияларды енгізу, жаңа жұмыс орындарын құру, экологиялық, өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелеріне назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.
Парламентке бірінші жартыжылдықта 5 заң жобасы, екінші жартыжылдықта 7 құжат енгізілмек. Әділет министрі Ерлан Сәрс ...
XXV қысқы Олимпиада ойындары Италияда өтеді. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында 2026 ...
Талғат Смағулов, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары ...