• 16-09-2026

Қазақстаннан Дубайға рейстер қазаннан бастап қайта қалпына келтіріледі


Air Astana Дубайға тұрақты рейстерін қалпына келтіреді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әуе компания 1 қазаннан бастап Алматы — Дубай — Алматы және 2 қазаннан бастап Астана — Дубай — Астана бағыттары бойынша тұрақты рейстерін қалпына келтіруді жоспарлап отыр.

"Қазанда ұшу жиілігі біртіндеп ұлғаяды. Алматы — Дубай — Алматы бағытында 4 рейстен бастап айдың соңына дейін аптасына 12 рейске дейін, Астана — Дубай — Астана бағытында 3 рейстен бастап айдың соңына дейін аптасына 10 рейске дейін артады", — деп жазылған хабарламада.

Әуе компания Таяу Шығыстағы жағдайды бақылауда ұстап отырғаны айтылды. Қажет болған жағдайда ұшу кестесі өзгеруі мүмкін.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget