• 16-09-2026

Келес ауданында тазалық талаптарын бұзған 23 адам жауапқа тартылды


Тазалық талаптарын бұзған тұрғындарға қатысты әкімшілік шаралар қабылданды.


Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес "Таза Қазақстан" бағдарламасы мен "Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру мақсатында құрылған мобильді топ рейд жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тексеру барысында саябақтар, скверлер, жағалау аймақтары, демалыс орындары және халық көп жиналатын қоғамдық аумақтар қаралды. Нәтижесінде тазалық талаптарын бұзудың 18 фактісі анықталды.

Сонымен қатар қоғамдық орындарда, демалыс аумақтарында, саябақтар мен базар маңында анықталған құқық бұзушылықтарға байланысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабы 1-бөлігі бойынша 23 адамға әкімшілік хаттама толтырылды.

Қазір ауданда рейдтік және профилактикалық жұмыстар жалғасып жатыр. Тұрғындарға қоғамдық орындарда тазалық пен тәртіпті сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.