Биыл рақымшылық жасау заңы аясында 338 адам жазадан босатылды
Жоғарғы СотТөрағасы Асламбек Мерғалиев 2025 жылы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған жоғары сот орга ...
Танымал актёр әрі блогер Нұрсұлтан Жақсыгенге қандай үкім шыққаны белгілі болды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы актёрдің бұрынғы жұбайы Фариза Алмазқызының адвокаты мәлімдеді. Алматы облысының Қарасай аудандық сотында Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты сот үкімі жарияланған.
"Сот Нұрсұлтан Жақсыгенді кінәлі деп танып, оған 2 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жаза қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеледі. Сонымен қатар, сот үкімімен оған 5 жыл мерзімге бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде сөз сөйлеуге тыйым салынды", — деді адвокат әлеуметтік желідегі парақшасында.
Жәбірленушінің азаматтық талабы ішінара қанағаттандырылып, оның пайдасына 5 000 000 теңге өндірілген.
"Сот үкімі жарияланғаннан кейін Нұрсұлтан Жақсыген тікелей сот залында қамауға алынды", — деп жазды адвокат.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от MUHAMMAD ALIOSMAN OGLU (@advokat.v.zakone)
Фариза Алмазқызы әлеуметтік желідегі парақшасында сот үкімі шыққанын растап, осы жайтқа қатысты пікір білдірді.
"Намысым қорғалып, ақталып шыққаныма қуанып тұрмын. Үстімнен ауыр жүк түскендей болды, жеңілдеп қалдым", — деді ол.
Еске салайық, бұған дейін актёр Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды. Біраз уақыттан бері актёр Нұрсұлтан Жақсыген мен оның бұрынғы жұбайының арасындағы дау әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Фариза Алмазқызы бұрынғы жұбайын ар-намысқа тиетін сөздер айтып, қорлады деп айыптады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Жоғарғы СотТөрағасы Асламбек Мерғалиев 2025 жылы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған жоғары сот орга ...
№45 мекеменің бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс жабық режимде өтті. Істің жай-жапсары ашық айтылмайды, деп хаба ...
Алматыда заңсыз салынған екі қабатты ғимарат сүріліп жатыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Қала құр ...