Абай облысындағы Шұбарбайтал ауылының маңындағы Үржар – Семей автожолынан 695 шақырым жерде қатты боранның салдарынан автокөлік легі тоқтап қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін құтқару операциясына Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 97616 әскери бөлімінен сержант Бауыржан Ақасов пен 3-сыныпты сержант Айдын Мәдімов тартылды.
Әскери қызметшілер 32 адамды, оның ішінде 15 баланы қар құрсауынан құтқарып, Аягөз қаласының уақытша орналастыру пунктіне жеткізді. Жолаушылар әскери қызметшілерге жедел көмек көрсеткені үшін алғыс айтып, қиын жағдайда қол ұшын созған жандарға шын жүректен ризашылықтарын білдірді.
TOP
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
«Сенсіз өткен қырық күн»: Бағым Мақсатқызы күйеуіне жантебірентерлік жазба арнады (ВИДЕО)
15.03